Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асады - Б. Имашев

заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Аталған құжат республикалық бюджет қаражаты есебінен заң көмегін көрсету жүйесін жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Атап айтқанда, заң жобасында Қылмыстық іс жүргізу, Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіне, Адвокаттық қызмет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
«Тегін заң көмегінің уақытылы көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында Кодекстің 71-бабында қылмыстық істі жүргізуші органның бір тәулік ішінде орындалуға тиіс қорғаушымен қамтамасыз ету туралы қаулыны аумақтық адвокаттар алқасына жіберуі туралы ереже бекітілген. Кодекстің 72-бабында қылмыстық істі жүргізуші органның ұзақ мерзім ішінде бұрын таңдап алынған немесе тағайындалған қорғаушының қатысуы мүмкін болмаған жағдайда оны адвокаттар алқасы арқылы ауыстыру құқығын міндетке өзгерту ұсынылады. Осыдан басқа, мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесіне қатысушы адвокаттарға еңбекақы төлеу бойынша Үкімет құзыреті бекітілген ережемен Кодекстің 80-бабы толықтырылады», - дейді Әділет министрі Берік Имашев.
Бұдан бөлек, «Адвокаттық қызмет туралы» заңға бірқатар өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатыны нақты қамтылады.