Адвокат сотта өрт туралы істі тыңдау кезінде өзі өртеніп кете жаздады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік өртегені үшін айыпталушының ісін тыңдау кезінде    адвокаттың қалтасындағы электронды темекінің батареясы жарылды.
None
None

Оқиға 8 наурызда Майами қаласы соттарының бірінде болған. 28 жастағы адвокат Стивен Гутьеррес алқа билер алдында енді сөз ала бергенде, қалтасының қызып бара жатқанын байқайды, артынша түтіндей бастады.

Гутьеррес залдан дәретханаға қарай жүгірді. Қайтып келген ол электронды темекісінің батареясы жарылғанын айтты.  Заңгер оқиға кездейсоқ жағдай екенін хабарлады, деп жазады Miami Herald.

Бр қызығы, адвокат өз көлігін қасақана өртеп жібергені үшін айыпталған Клоди Чарльз дегенді қорғауы тиіс еді. Оның дәлелдерінің бірі техниканың өздігінен жанып кетуі болған. Нәтижесінде алқабилер Чарльзды айыпты деп таныды.

Соңғы жаңалықтар