Адвокат Сүлейменов Головкиннің ағасының қарызын төлеуге дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық адвокат Жангелді Сүлейменов танымал боксшы Геннадий Головкиннің ағасы Максим Головкиннің көлік құралдары үшін қарызын төлеуге дайын.

Адвокат Сүлейменов Головкиннің ағасының қарызын төлеуге дайын

«Біздің батырымыз Геннадий Головкиннің ағасы Максим Головкинге қатысты сот көлік құралдары үшін салық ретінде 21 338 теңге көлемінде өндіру туралы шешім шығарды. Журналистер Максимге көлік жүргізуге тыйым салынуы мүмкін екенін жазуда. Бұл қате ақпарат, қарыз 20 АЕК - 41 000 теңгеден асқанда ғана тыйым салынады. Қиындықтар туындамау үшін оның қарызын өзім де төлей аламын, тек автокөліктің VIN кодын білу қажет. Қарызды egov.kz арқылы төлеуге болады. Максимды танитын жан болса, VIN кодын біліп беруді сұраймын, қарызды да өзім төлеймін», - деп жазды адвокат өзінің фейсбуктегі парақшасына.

Максим Геннадийдің сыңары. Олар бала кезден барлығын бірге жасайды. Бір сыныпта оқыды, бокс үйірмесіне жазылды, бір салмақ дәрежесінде рингке шықты. Максим де жаман боксшы болған жоқ - бір кездері Қазақстанның чемпионы атанған. 2004 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезінде бауырына қарсы жұдырықтасудан бас тартты. Спорттық карьерасы аяқталған соң Максим Головкин бапкер болды. Қазір Геннадийдің командасында жұмыс істейді.

null