Адвокаттар кодексін қабылдайтын уақыт мерзімі өтіп барады - Жоғарғы Соты Төрағасы
«Адвокаттардың кодексін қабылдайтын уақыттың мерзімі тіпті өтіп бара жатыр. Өйткені, қазіргі уақытта біздің қоғамда әрбір азаматқа, әрбір тұлғаға өз құқын қорғау үшін кәсіби деңгейі жоғары адвокаттың көмегі қажет болып жатқанын көріп отырмыз», - деді ол.
Ал осы көмек қандай деңгейде атқарылып жатыр деген мәселеге де кеңінен тоқталып өткен Төрағаның айтуынша, таза, шынайы, кәсіби деңгейі жоғары көмекпен қатар өкінішке орай шала-пұла, шала сауатты, тек қана алдына көмек сұрап келген адамның гонорарын өйтіп-бүйтіп алып, істі қалай болса, солай атқара салатын да көмек түрі кездесіп жатады.
«Соның нәтижесі сотқа келгенде көрініп жатады. Кейбір сот шешімдерін қарап отырсаңыз, тараптың мүддесін қорғап жүрген адвокаттың өз жұмысын, қызметін толық атқармағандығынан әділдікке қол жеткізе алмай жүрген адамға дұрыс көмек көрсетілмей жүргендігін де көріп жүрміз», - деді ол.
Б.Бекназаровтың пайымынша, адвокаттар кодексі ең біріншіден халықтың жағдайымен сәйкес болуы керек. Мәселен, адвокаттардың алатын гонорары халықтың тұрмысына сай болуы, барлығы бір-бірімен үйлесімді болуы тиіс», - деді ол.