Адвокаттар мемлекеттік адвокатураны енгізуге қарсы

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Республикалық адвокаттар алқасы елімізде мемлекеттік адвокатураның енгізілуіне қарсы. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін құқықтық реттеу проблемалары» деген тақырыптағы конференция барысында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Әнуар Түгел мәлім етті.
None
None

Сөз арасында Парламент қабырғасында «Мемлекетпен кепілдендірілген заңгерлік көмек туралы» заң жобасы талқыланып жатқанына тоқталған алқа төрағасы, бұған қатысты бірқатар ұсыныстардың бар екенін де алға тартты. «Менің әріптестерім тарапынан заң жобасының бірқатар ережелеріне қатысты мәселе көтеріліп жүр. Бұл республикамызда мемелкеттік адвокатураның енгізілуіне қатысты болып табылады. Біздің ойымызша, мемлекеттік адвокатура жалпы адвокатураның басты қағидатына - оның тәуелсіздігіне тікелей қарсы келеді. Тіпті мемлекет пен адвокатура - бұл өзінің табиғатынан екеуі екі бағыт ұстанатындығы туралы қарапайым фактіні айтпай-ақ қоялық. Өйткені, адвокатура азаматтық қоғам институты, тұлғаның заңды құқығы мен бостандығын қорғауда мемлекеттің қарсыласы болуы тиіс», - деді Әнуар Түгел. Оның айтуына қарағанда, мемлекет атынан бір тұлға бір уақытта өзі айыптаушы да өзі ақтаушы да бола алмайды. «Бұдан бөлек, аталған ереже өзіне ешқандай да құқықтық жүктеме алмайды және оның қандай реттеуші функцияны атқаратыны да белгісіз қалып отыр», - деді алқа төрағасы.

Соңғы жаңалықтар