Адвокаттар жайлы жасырын тергеу жүргізуге тыйым салатын нормалар Конституцияға қаншалықты сай

АСТАНА. KAZINFORM — Конституциялық сот адвокаттарға қатысты жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге тыйым салатын нормалардың заңдылығын тексереді. 

заңгер
Фото: Pexels

Азамат бірнеше даулы нормативтің қаншалықты заңды екенін тексеруді өтініп Конституциялық сотқа жүгінген. 

Атап айтқанда, Қылмыстық-процестік кодекстің 232-бабының сегізінші бөлігінің және Жоғарғы соттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы «Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау туралы» нормативтік қаулысының 7-тармағының алтыншы абзацының Конституцияға сәйкестігін тексеру қажет.

Ведомство осы өтінішті қабылдап, конституциялық іс жүргізетін болды.

Дауланып отырған нормалар адвокаттардың ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалуы немесе жасағаны жөнінде пайымдауға негіз болатын жағдайларды қоспағанда кәсіби көмек беретін адвокаттарға қатысты жасырын тергеу жүргізуге тыйым салуды белгілейді.

Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындысы туралы ақпарат Конституциялық соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.

Соңғы жаңалықтар