Адвокаттардың құқық қорғау қызметі үшін 91 миллион 680 мың теңгеден астым қаржы бөлінеді

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіби білікті заңдық қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң талаптарын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен ай сайын тиісті көлемде қаржы бөлініп отырады.
None
None

Оның ішінде адвокаттардың 2010 жылғы заңдық қызметі үшін 91 миллион 680 мың теңгеден астым қаржы бөлу қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы адвокатураны дамыту» атты тақырыпта өткен халықаралық конференция барысында Әділет министрлігінің Құқықтық көмек пен заңдық қызметті ұйымдастыру комитетінің адвокаттық қызмет жөніндегі бөлім меңгерушісі Қадыржан Баймұханова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 Оның айтуынша, еліміздегі адвокаттардың процессуалдық қызметтерін кеңейту мен олардың мәртебесін көтеру мақсатында Әділет министрлігі 2009-2012 жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы ұлттық жоспар мен 2010-2020 жылдарды қамтитын Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы сияқты өзге де бірқатар құжат талаптарын жүзеге асыру жұмыстары аясында  адвокаттық қызметті жетілдіру бойынша  тиісті шаралар қолдануда.

«Атап айтқанда, Үкіметтің 2011 жылға арналған заң шығару жоспары бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғындарға кәсіби білікті құқықтық көмек көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын енгізу қарастырылып отыр. Заң жобасында тұрғындарға көрсетілетін құқықтық қызметтер бойынша мемлекет есебінен қаржы бөлу, адвокат қызметіне зәру аймақтарға муниципалдық адвокат институтын енгізу, сондай-ақ адвокаттық қызметті жетілдіруге бағытталған өзге де бірқатар нормалар қарастырылған», деді министрлік өкілі.

Соңғы жаңалықтар