Адвокаттардың тәуелсіздік үшін күрес кезеңі басталды - Адвокаттар одағының төрағасы

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Адвокаттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету жан-жақты әрі жіті талқылауды қажет етеді», дейді Қазақстан Республикасының Адвокаттар одағының төрағасы Әнуар Түгел.
None
None

Бұл туралы ол бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы адвокатураны дамыту» атты тақырыпта өткен халықаралық конференция барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Төрағаның сөзіне қарағанда, еліміздің 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында мемлекеттің құқық қорғау институттарының арасында адвокатура жетекші рөлге ие деп көрсетілген. Сондықтан да оның тәуелсіздігін қамтамасыз ету жан-жақты талқылауды қажет етіп отыр.

Ә.Түгелдің айтуынша, Парламент Мәжілісінде ұйымдастырылған конференция адвокатураны дамытудың кезекті кезеңі. Бұл саланы дамыту осыған дейін екі кезеңнен өтті. Оның бірі адвокат қызметтін реттейтін заң күшіне енген кез, яғни 1997 жылдар болса, екінші кезеңді  адвокаттардың құзырын кеңейтетін тағы бір заң күшіне енген уақытпен байланыстыруға болады. «Бүгінгі шара адвокатураны дамытудың үшінші, яғни жаңа кезеңі. Бұл адвокаттардың тәуелсіздік үшін күрес кезеңі және халықаралық норма», деді Адвокаттар одағының төрағасы.

Соңғы жаңалықтар