Адвокаттарға қорғауындағы азаматты қудалаушы органның БАҚ-тағы материалын теріске шығару құқығы берілуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әділет министрлігі қылмыстық заңнамаға әзірлеген түзетулер адвокаттарға қорғауындағы тұлға туралы қудалаушы органның БАҚ-тағы материалдарын теріске шығару құқығын беруі мүмкін. Тек ол үшін адвокат прокурордың келісімін алу керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Мәжіліс депутаттарына тиісті заң жобасын таныстыру барысында айтты.
«Адвокатқа прокурордың келісімімен БАҚ-та өзінің қорғауындағы азаматқа қатысты қылмыстық қудалау органдарын жариялауға теріске шығаруды жариялауға мүмкіндік беру
Іс жүзінде қылмыстық қудалау органдары кінәсіздік презумпциясы қағидаттарын бұзатын БАҚ-та ақпарат орналастыра алатын жағдайлар бар.
Бұл қоғамдық резонанс тудырады және күдіктінің фигурасын «жамандау» арқылы тергеу барысына әсер етеді.
Адвокатқа Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) талаптарын бұзбай теріске шығаруды жауап ретінде жариялауға ұсыну сот түпкілікті шешім қабылдағанға дейін азаматты қорғау мүмкіндігін күшейтеді», - деді Алма Мұқанова.