22:37, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
Адвокатты атып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу түбіндегі Солнечногор ауданында белгісіз біреу адвокатты атып кетті. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Бұл туралы Мәскеу облысы Тергеу комитеті Тергеу басқармасынан мәлім етті.
Аймақтық ТК деректеріне қарағанда, адвокатты мерген мылтығымен атқан. Мәскеу уақыты бойынша, 11:00 шамасында белгісіз біреу ол үйінің ауласына кіре берген сәтте мерген мылтығымен үш рет атқан.
Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде. Қылмыстық іс қозғалды. Дереккөздің мәліметіне қарағанда, өлген адам Мәскеу адвокаттық палатасының мүшесі Алексей Шмелев.