Адвокатураға электрондық жүйені енгізудің маңызы зор - Бағдат Мусин
«Қылмыстық процестерді жаңғыртуға қатысты конференцияға қатысудамын. Марат Бекетаевты (Әділет министрі - авт) тыңдай отырып, адвокатура шынында да электрондық жүйеге мұқтаж екеніне көзім жете бастады. Мәселен, ол «Ордер не үшін керек?» деген сұрақ қояды. Ордердің не екенін білмейтін адамдар үшін: ол адвокатқа сіздің ісіңізбен айналысуға мүмкіндік беретін бір бет қағаз. Ол адвокаттар коллегиясымен беріледі. Шынында да, іспен айналысу үшін коллегия беретін ордер не үшін керек? Бұл архаизм. Бұл процестің көп уақыт талап ететінін қоя тұрып, адвокаттардың коллегияға тәуелділігін күшейте түседі. Ордерді адвокат жұмысына әсерін тигізетін тетік ретінде де қолданылуы мүмкін деген пікір қалыптасады», - дейді ол.
Бағдат Мусин өз жазбасында электрондық адвокатура арқылы ордерді беруді автоматтандыруға болатындығын айтты.