11:26, 30 Тамыз 2015 | GMT +5
Адыгейде «үйлену тойы полициясы» құрылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адыгейде ІІМ басшылығы үйлену тойына қатысушылардың қоғамдық тәртіпті және жолда жүру ережесін сақтауын бақылайтын мамандандырылған топ құрды, деп хабарлады "Интерфакс".

Үйлену тойларын өткізу дәстүрлері кейде жолда жүру ережелерін бұзуға әкелетін жағдайларға соқтырады. Адыгейде бұл мәселені шешуді қолға алды. Арнайы топ дайындығы жақсы қызметкерлерден құралады. Олар әр демалыс күндері қызметтеріне кірісетін болады.
РФ ІІМ баспасөз қызметінде түсіндіргендей, «топқа қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша полиция, мемлекеттік автомобиль инспекциясы, лицензиялық-рұқсат беру жұмысы, тергеу, сонымен қатар республикалық ІІМ кей құрылымдарының өкілдері және Майкоп бойынша Ресей ІІМ бөлімінің қызметкерлері енді".