Аджман АЭА өкілдері «Karaganda Invest-2016» халықаралық форумына қатысатын болды

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Біріккен Араб Әмірлігіндегі Төтенше және өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ солтүстігіндегі Аджман әмірлігіне барып, еркін сауда экономикалық аймағының бас директоры Махмуд әл-Хашемимен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Елшісі Фейсбуктегі жеке парақшасында өзі хабарлады.

Аджман АЭА өкілдері «Karaganda Invest-2016» халықаралық форумына қатысатын болды


««Сарыарқа арнайы экономкалық аймағының» жетекші компаниясы саналатын «Караганда Инвест» АҚ мен «Ajman Free Zone», еркін сауда экономикалық аймағының әкімшілігі арасында 2014 жылдың 24 мау\сымында Қарағандыда қол қойылған ықпалдастық туралы меморандумды жүзеге асыру мақсатында «Аджман» АЭА бас директорымен кездестім», деп жазды Елші.
«Кездесуде 27 сәуір күні өтетін «Karaganda Invest-2016» инвестициялық халықаралық форумына Аджман әмірлігінің бизнес-делегациясынң қатысу мәселесін талқыладық», -деп жазған Қайрат Лама Шариф.