АЭФ аясында 1,5 млрд. доллардың инвестициялық келісімшарттарына қол қойылды

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - 5-ші Астана экономикалық форумы аясында 1,5 млрд. доллардың инвестициялық келісімшарттарына қол қойылды.

АЭФ аясында 1,5 млрд. доллардың инвестициялық келісімшарттарына қол қойылды

Бұл туралы бүгін 5-ші Астана экономикалық форумының жабылуында Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы төрағасының орынбасары Михаил Федоров мәлім етті.

«Мен осы форум аясында бизнесмендердің белсенді жұмыс істегендіктерін атап өткім келеді. Бір сандық деректі сіздердің назарларыңызға ұсынайын. Осы үш күннің ішінде 1,5 млрд. доллардың инвестициялық келісімшарттарына қол қойылды. Бұл республика үшін өте тамаша нәтиже», - деді ол.