АЭФ: Бәсекелестікті ілгерілетудің «жаңа ойын ережелері» арнайы сессияда талқыланбақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 26 мамырда IX Астана экономикалық форумы аясында бәсекелестік мәселелеріне арналған «Бәсекелестікті ілгерілету: жаңа «ойын ережелері» атты сессия өтеді.Бұл туралы АЭФ ұйымдастырушылары хабарлады.
«Астана экономикалық форумы - Еуразиялық кеңістіктегі жыл сайын өтетін тарихи оқиға. Осыған орай, жылда Қазақстан астанасында әлемдік экономикалық қоғамдастықтың өкілдері, қазіргі және бұрынғы мемлекет басшылары, Нобель сыйлығынын лауреаттары, ғылыми әлемнің өкілдері мен бизнесмендер жиналады. Биылғы жылы мамыр айының 25-26 күні өтетін IX АЭФ басты тақырыбы - «Жаңа экономикалық шынайлық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы». Сондай-ақ, АЭФ шеңберінде 25 мамыр 2016 жылы бәсекелестік мәселері бойынша кеңес өтеді», - делінген баспасөз баянында.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында монополияға қарсы қызметтің жұмыс тұжырымдамасын өзгерту және ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру (53-қадам) көзделген. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын озық халықаралық тәжірибеге және халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жұмыстары жүргізілуде.
«2015 жылғы 29-30 қазанда Париж қаласында ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі жаһандық форумының отырысы өтті, оның сессияларының бірі Қазақстан Республикасының бәсекелестік құқық саласындағы заңнамасы және саясатына сараптамалық шолуға арналды. Сондай-ақ, биыл Қазақстан Республикасының монополияға қарсы реттеуге 25 жыл толып отыр, мұны атап өту маңызды оқиға екені сөзсіз. Осыған байланысты, Астана экономикалық форумы аясында аталған сессия ұйымдастырылмақ.
Сессия бағдарламасында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың, ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі комитеті төрағасы Фредерик Женнидің және әлемнің жетекші монополияға қарсы органдары өкілдерінің сөз сөйлеуі жоспарланған. Сессияға қатысушылар ЭЫДҰ-ның стандарттарына және үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістермен танысады», - делінген баспасөз баянында.
Сессияның негізгі мақсаты - Қазақстанның қазіргі заманғы экономикалық саясатын дамытудағы монополияға қарсы реттеу мен бәсекелестікті қорғаудың рөлін және оны одан әрі дамыту перспективасын көрсету.