АЭФ: Джим О'Нил әлемдік экономикадағы азиялық тұтынушылардың маңызды рөлін атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық қаржыгер Джим О'Нил Global Challenges Summit 2018 форумында әлемдегі экономикалық дамудың шарттары туралы әңгімеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әлемдегі экономикалық дамудың негізінде не жатқаны туралы маған сұрақ қойылып отыр. Менің жауабым ол - тұтынушы. Әсіресе, бұл жерде азиялық тұтынушының рөлі маңызды. Осы пікірімді дәлелдеп беруге рұқсат етіңіздер. 2010 жылы әлемдегі ЖІӨ орташа есеппен 3,7 пайыз өскен еді. Бұл одан 10 жыл бұрынғы көрсеткіштен аса көп емес. Ең маңыздысы - 2010 жылдан кейінгі онжылдық ЖІӨ мөлшерінің артқанын көрсетіп отыр», - дейді ол.
Джим О'Нилдің айтуынша, соңғы он жылда әлемдік дәрежедегі экономикалық өсім бәйгесінде әсіресе екі аймақ «оза шапқан». Ол - Қытай мен АҚШ.
«Менің есептеуімше, барлық жаһандық долларлық өзгерістердің 84 пайызы АҚШ және Қытаймен байланысты болып отыр. Осы үлестің басым бөлігі АҚШ, Қытай және Үндістанға тиесілі. Еуропалық одақ, Ресей, Бразилия елдерінің бұл ретте өсімі төмен. Сондықтан, біз келешекке ой жүгіртіп көрелік. АҚШ пен Қытай соңғы онжылдықта экономикалық өсімнің 35 пайызына ие болды. Ал ЕО ол үлестің төрттен бірін, ал Бразилия, Ресей мен Үндістан 5 пайызды қосты. Бұл - өте үлкен сұрақ. Себебі, Еуропалық одақ, Бразилия, Ресей өз өсім тұғырына қайтып келе ала ма?», - деді қаржыгер.
«АҚШ басшылығының бұл ретте жаһандық тиімді жолды таңдауы оңды болар еді. Бұл менің ойым. Қазір Қытай әрдайым осыған дейін экономиканың жоғары дәрежеде субсидияланатын секторына ие ел болып келеді. Қазіргі уақытта барлық өсім тұтынушының айналасында болып отыр. Айта кетерлігі, біз тіркеп отырған экономикалық өсімдегі 20 пайыздық өзгерістер қытайлық тұтынушылардың өзгерістеріне қарай құбылады. Үлгі келтірейін. Стив Возняктың «Аpple» компаниясы АҚШ-тан гөрі Қытайға көптеп айфон сата бастады. Қытай халқының 20 пайызы ғана 260 млн - Ұлыбритания халқынан төрт есеге көп. Бұл әлбетте, дамуға әсер етеді», - деді ол.