20:18, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
АЭФ қорытындысында Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияның негізгі бағыттары қабылданды - С.Нөгербеков
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - VI Астана экономикалық форумының қорытындысында Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияның негізгі бағыттары қабылданды. Бұл туралы елордада АЭФ пен Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияның қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Нөгербеков мәлім етті.

Оның атап өтуінше, форум жұмысына әлемнің 132 елінен 12 мыңнан астам адам қатысқан. Ал Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияның жұмысына 100-ден астам мемлекеттің мемлекеттік органдарының өкілдері атсалысқан. Сонымен қатар 70-ке жуық ірі бұқаралық ақпарат құралдары да белсенді қатысқан. Толықтай алғанда, АЭФ жұмысын жазып көрсету үшін тіркелген журналистер саны 803 адамды құрайды. Форум барысында СNN, Еуроньюс сынды алып медиа компаниялар мен отандық телеарналардың қатысуымен 10 телеарналық пікірсайыс өткен.