Аэробус қонатын әуежайдан 240 шақырымға өтіп кетті - АҚШ

АСТАНА.  Қазанның  23-і. ҚазАқпарат - «Northwest Airlines» әуе компаниясының   бортында  144   жолаушы болған А320  аэробусы  қонатын әуежайдан 240 шақырымға   өтіп кетті, 

Аэробус   қонатын  әуежайдан 240 шақырымға  өтіп кетті  - АҚШ

деп   хабарлайды Би-Би-Си телекомпаниясы.

АҚШ-тың    тасымалдау  қауіпсіздігі  жөніндегі   ұлттық  комитетінен  хабарлағандай,  «Сан-Диего - Миннеаполис»  рейсін  орындаушы    аэробус   қонатын   әуежаймен байланысты  жоғалтып алады.     Нәтижесінде     ол  келесі  әуежайға      қонуға мәжбүр болады,   жолаушылардың ешқайсысы  зардап шекпеген.

Ұлттық  комитет   оқиғаға  ұшқыштардың   шаршауы себеп  болу ықтималдығын   жоққа шығармай  отыр,     олар   жұмыстан уақытша  шеттетілді.