14:13, 02 Шілде 2009 | GMT +5
Аэробустың жас жолаушысының аман қалуы Құдайдың ісі
МӘСКЕУ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Комор аралдарының жағалауында маусымның 30-ында апатқа ұшыраған Yemenia компаниясының «Аэробус A-310-300» ұшағындағы осы сәттегі жалғыз ғана аман қалған жолаушы қыз әкесімен болған әңгімеде өзінің адам айтса нанғысыз аман қалған сәтін айтып берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
12 жасар Байя Бакари басқа жолаушылармен бірге ұшақтың құлдилап бара жатқанын сезеді, алайда қараңғы болғандықтан ол ешнәрсені көре алмайды. Құлау кезінде кеме қирайды, оны сыртқа лақтырып тастайды. «Оның үстіне мен малтуды да білмеймін, сондықтан қарманып жүріп қолым бір нәрсеге ілікті, оның не нәрсе екенін де білмеймін», - депті қыз Париждегі әкесі Кассим Бакариге.