Аэрофлот әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта бастады
«Аэрофлот» әуе компаниясының Мәскеуден Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:35-те келді.
Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағыты бойынша рейсті жергілікті уақыт бойынша сағат 12:05-те орындау жоспарлануда.
«Аэрофлот» әуе компаниясының рейстеріне билеттерді әуе компанияның сайтынан сатып алуға болады.
Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.
Fly Dubai Дубаи-Нұр Сұлтан-Дубаи бағыты бойынша тұрақты рейстерді жалғастыруда.
2022 жылдың 10 қаңтарында:
- Дубаи - Нұр-Сұлтан FZ1721 09:10-15:55
- Нұр-Сұлтан-Дубаи FZ1722 16:55- 20:10
- Дубаи-Нұр-Сұлтан FZ1705 12:00-18:45
- Нұр-Сұлтан-Дубаи FZ1706 19:45-23:00 рейстерін орындау жоспарлануда.
Қазіргі уақытта әуе компанияның колл-орталығы 888000702833 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейді.