«Аэрофлот» ұшағы үлкен ауа кеңістігіне тап болды, жарақат алғандар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейден Таиландқа бет алған «Аэрофлот» әуе компаниясының ұшағы Бангкок әуежайына апатты жағдайда қонды, деп жазды Life.ru.
None
None

Тайланд астанасына қонарда лайнер үлкен ауа кеңістігіне түсіп кеткен және бірнеше жолаушы айтарлықтай жарақат алған. ТЖ кезінде қауіпсіздік белбеуін тақпаған жолаушылар орындарынан ұшып кетіп, төбеге соқтығысқан. Әсіресе, кіреберісте отырғандар көбірек зардап шеккен: кей жолаушылардың бел омыртқалары зақымданған. Куәгерлердің айтуынша, жағдайды ушықтырып алмау үшін жарақат алған жолаушылар дәрігерлер келгенде ұшақ еденінде жатты.

Ұшақтың аударылуы, дәлірек айтқанда ауа кеңістігіне түсіп кетуі - көтергіш күштің күрт төмендеуіне әкеп соғатын қалыпты әуе ағынының бұзуылуынан туындайды. Соның салдарынан ұшақтың тұмсық жағы немесе артқы жағы көтеріліп кетеді немесе бір жаққа қисайып, төменге құлдырауы да мүмкін.

Соңғы жаңалықтар