Аэроғарыш комитетінің теңгеріміндегі мүлік «Бәйтерек» АҚ меншігіне беріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Аэроғарыш комитетінің теңгеріміндегі мүліктер «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны акционерлік қоғамына берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы қаулының қосымшасына сәйкес, республикалық мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны АҚ акцияларын төлеуге берілсін. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.

Құжатта көрсетілгендей, «Бәйтерек» АҚ меншігіне жалпы саны 446 мүлік беріледі.

«Жобаны қабылдаудың мақсаты – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің теңігерімінен мүлікті Бірлескен кәсіпорынның акцияларын төлеуге беру», - деп түсіндірме берілген қаулыға.

Құжат 3 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар