Аэротаксидің жол ақысы қашан белгілі болады

АСТАНА. KAZINFORM — Аэротаксидегі жол ақысы мәселесі әліде пысықталып жатыр. Бұл туралы Көлік министрлігінен мәлім болды.

Аэротаксидің жол ақысы қашан белгілі болады
Фото: Александр Павский/Kazinform

— Бұл толығымен жаңа технология және сала екенін атап өткен жөн, сондай-ақ соңғы тарифтер есептеу кезеңінде. AAAG компаниясы KPMG (Оңтүстік Корея), Korean Airports Corporation (Оңтүстік Корея) және UrbanV (Италия) халықаралық консультанттарымен бірлесіп, халықаралық тәжірибе зерттеуін және қазақстандық нарықты зерттеуді жүргізіп жатыр. Қорытынды бағасы коммерциялық әуе сапарын іске қосуға жақындағанда анықталады, ол 2028 жылдың аяғында немесе 2029 жылдың басында басталады деп жоспарланған, — деп аталып өткен министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Сонымен қатар ведомство бұл саланы дамыту толығымен AAAG-ның және Alatau City Bank акционерінің жеке инвестициялары есебінен іске асырылатынын нақтылады. 

Бұған дейін «Alatau City Authority» мемлекеттік қорының Бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров аэротаксидің жол ақысына қатысты пікір айтты. 

Айта кетейік, аэротакси қызметі бастапқы кезеңде Алатау және Алматы қалаларында іске қосылады.