Аэроұтқыр әскерлерінің бөлімдері техникалық тексерістен өткізілді
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Аэроұтқыр әскерлерінің бөлімдері мен құрамаларында әуе-десанты мүліктерін техникалық тексерістен өткізу аяқталды.
ҚР ҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шараны өткізу үшін құрамына әуе-десанты техникасы жөніндегі мамандар кірген арнайы комиссия құрылды.
Регламентті жұмыстар барысында қолданыстағы әуе-десанты техникаларының құжаттамалары мұқият қаралды. Сондай-ақ, аталған техникаларды күтіп-баптаудың жай-күйіне, десантшылар мүлкін сақтау бөлімінің оқу-материалдық базасына тексерістер жүргізілді.
Тексеріс барысында белгіленген мерзімі өткен парашютті қондырғылар қолданыстан шығарылды. Сондай-ақ секіруді ұйымдастыруға арналған парашюттік жүйелер мен басқа да қондырғылар ретке келтірілді. Комиссия әуе-десанты құралдарының жағдайы нормативтер мен талаптарға сәйкес және пайдалануға даяр деген байламға келді.