Аэроұтқыр күштері әскери бригадасында Жеңістің 65 жылдығына арналған шара өтті

АЛМАТЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматы маңындағы Аэроұтқыр күштері әскери бригадасында Жеңістің 65 жылдығы мен Отан қорғаушылар күні, ҚР Аэроұтқыр күштері әскерінің 10 жылдығына арналған шара өтті,

Аэроұтқыр күштері әскери бригадасында  Жеңістің 65 жылдығына арналған шара өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әскери-патриоттық «Әскер» клубы мен 61993 әскери бөлімі ұйымдастырған шараға қала мектептерінің оқушылары, Ауған соғысы ардагерлері, аэроұтқыр күштер бөлімінің әскерилері қатысты. Шара барысында әскери қызметкерлер оқушыларды әскери өмірмен, техника, қару-жарақтармен таныстырды, сондай-ақ түрлі ұрыс қимылдарын көрсетті. Өз кезегінде әскери-патриоттық клубтың мүшелері мерекелік концерт қойды.

Әскери-патриоттық «Әскер» клубы өкілдерінің айтуынша, бұндай шаралар мамырдың 9-на дейін жалғасады.