«AЕS-Америкалық компаниялар тобы» Лондон халықаралық сотында бәсекелестікті қорғау агенттігімен соттасып жатыр

АСТАНА.  15 қазан. ҚазАқпарат -  «AЕS-Америкалық компаниялар тобы» Лондон халықаралық сотында бәсекелестікті қорғау агенттігімен соттасып жатыр. Бұл туралы  бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында мәлім болды.
None
None

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, жақында «AS-Америкалық компаниялар тобына»  қатысты тергеу аяқталды. «Бұл ретте «AЕS- Өскемен жылу энергия орталығы», «AЕS-Өскемен гидроэлектр стансасы» және «Еуроэнергиясервис» компанияларына қатысты электр энергия бағасының негізсіз көтерілуіне әкеп соққан бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер бойынша 20 млрд. теңгеден астам айыппұл салынды. Қазір сот ісі жүріп жатыр. Аталған топ Лондондағы халықаралық сотқа шағымданып, біздің шешімізге қарсы дауласып жатыр»,-деді Ғ. Әбдірахымов.

Бұдан бөлек агенттік төрағасы «Газөнеркәсіпмұнай-Қазақстан», «Дельтоэнержи», «Эльдарадо-Қазақстан»  секілді бірқатар компаниялар АИ-92 маркалы бензинге бағаны негізсіз көтерген. Осыған орай оларға жалпы сомасы 202,4 млн. теңге айыппұл салынған.

 Сондай-ақ, «Ақбидай» терминал компаниясы бидайды аударуға келісім-шартты жасаған кезде кейбір компанияларға қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқан. Аталған компанияға 15,2 млн. теңге шамасында айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум