АЭС халықаралық қоғамдастықтың қадағалауымен салынады - Гүлмира Мұрсалова

«Электр энергиясы теңгерімінің болжамына сәйкес, біз қуаты 2,8 гигаватқа дейін 2 атом стансасын салуды жоспарлап отырмыз. Әрине, болашақта атом энергетикасын дамытуды жалғастыруды қарастыруға болады. Қазір әлемде шағын модульдік реакторларды пайдалану мүмкіндігі зерделеніп жатыр. Біз де бұл мәселесі зерделейтын боламыз», - деді Гүлмира Мұрсалова Еуразия ұлттық университетінде АЭС-тің экологияға әсерін талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысында.
Осы ретте ол АЭС салынған жағдайдағы еліміздің экология тұрғындарды толғандыратындығын айтты.
«АЭС-ті қауіпсіздік пайдалану әрине, басты мәселе. АЭС құрылысы басталар алдында Халықаралық атом энергетикасы агенттігі, сонымен қатар халықаралық реттеуші дайындықты бағалау үшін құрылысы алаңына миссиямен келеді. Қазақстан Халықаралық атом энергетикасы агенттігінің мүшесі және бұл миссияның келуін өтінетін болады. АЭС құрылысы халықаралық қоғамдастықтың қадағалауымен жүргізілетін болады», - деді ол.