АЭС іске қосылуының нәтижесінде 2050 жылы 50 пайыз энергия балама энергия көздерінен алынады - В.Школьник

АСТАНА.ҚазАқпарат - Атом электр стансасының іске қосылуының нәтижесінде 2050 жылы 50 пайыз энергия балама энергия көздерінен алынады.

АЭС іске қосылуының нәтижесінде 2050 жылы 50 пайыз энергия балама энергия көздерінен алынады - В.Школьник

Бұл туралы бүгін VIII Астана экономикалық форумының «Еуразиялық энергетикалық, су және транзиттік әлеуетінің тұрақты дамуы» атты сессиясында ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник айтты.

«Бекітілген құжатқа сәйкес, 2020 жылы Қазақстанда өндірілген энергияның 3 пайызы балама энергия көздерінен алынады. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш небәрі 0,5 пайызды құрап отыр. Өткен жылы біз 500 млн. Кватт/сағаттан астам энергияны балама энергия көздерінен алдық», - деді ол.

Оның атап өтуінше, 2030 жылы елімізде өндірілген энергияның 10 пайызы балама энергия көздерінен алынатын болады.

«Ал 2050 жылы Атом электр стансасының іске қосылуының нәтижесінде 50 пайыз энергия балама энергия көздерінен алынады», - деді В.Школьник.