АЭС құрылысына қатысты референдум өтетін күн қашан жарияланады

алмасадам
Фото: Kazinform

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысына қатысты референдум өтетін күн қашан жариялануы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Оның атап өтуінше, Қазақстанның атом стансасы компаниясының, Ұлттық ядролық орталықтың, өзге де институттардың өкілдері кестеге сай еліміздің қалаларын аралап, тұрғындармен, мүдделі тараптармен кездесу өткізіп жүр. Жүздесулер барысында халықты толғандырған атом стансасына қатысты сауалдарға толыққанды жауап беруде. Осы консультациялар аяқталғаннан кейін АЭС құрылысына қатысты референдум өтетін күн жария етілуі мүмкін.

«Қоғаммен жақсы диалог жүріп жатыр, қызығушылықтың жоғары екенін де байқап отырмыз.

Мұны үстіне халық тарапынан кәсіби қызықшылық бар. Аталған консультациялардың көптеген қатысушысының тарапынан атом стансасы құрылысы бастамасына қолдаудың бар екендігі қуантад. Бұл жұмысты жалғастырамыз. Мамандарымыз Қарағанды, Астана сынды бірқатар қалада болып үлгерді. Мұнан арғ кесте де жария етіледі. Консультациялар қорытындында референдум өтетін күн жарияланып қалар. Әзірше маған ол белгісіз», - деді министр БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Соңғы жаңалықтар