АЭС құрылысына қатысты референдум қашан өтеді – Энергетика министрінің болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысына қатысты рефордум өткізу мерзіміне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: pixabay.com

«Референдум мәселесі қалай жасақталады? Меніңше, ол Парламент депутаттарын, қоғам өкілдерін, белсенділерді, сала сарапшыларын жұмылдыру арқылы ұжымдық жұмыс болар. Сол жұмыстың қорытындысында тиіс хабарландыру жасалады», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, әлемде АЭС салу туралы шешім қабылданып, нысан салынғанға дейінгі аралыққа орташа есеппен 15 жыл кетеді.

«Станса құрылысы кезінде жобалауға, технологияға іріктеуге 3-4 жыл, одан кейін құрылыс жұмыстарына 12 жылға дейін уақыт кетеді. Яғни, бұл ұзақ процесс», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сонымен қатар ол Қазақстанда энергетиканы дамытуға қатысты нақты жоспардың бар екендігін атап өтті.

«Бізде зор әлеует бар. Елімізде энергетиканы дамытуға қатысты нақты жоспар түзілген. Президент жанындағы электр-энергетика кешенін дамыту жөніндегі кешенде Қазақстанның таяу жылдардың ішінде-аұ электр энергетикасына, мұнайөнімдері мен өзге де қажетті ресурстарға тәуелсіздігін көздейтін базалық әдіс қаралған болатын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар