АЭС салу су тапшылығын арттыра түспей ме – сарапшы пікірі

АЭС
Фото: kazpravda.kz

Қазақстанның энергиямен жабдықтау ұйымдары қауымдастығының төрағасы Сергей Агафонов АЭС құрлысының Балқаш көлі экологиясына әсеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform. 

«Ең алдымен су мәселесі алаңдатып отыр. АЭС пен Балқаш арасында су алмасу жүрмейді. Балқаштан су толықтырылып отырады. Бұл – біржақты процесс. Мұнара арқалықты қажетті көлеммен қамтамасыз ету үшін Балқаштан оқтын-оқтын су алынады. Алынатын көлем Балқаш суының табиғи буланатын мөлшерінің шамамен 0,5 пайызы ғана. Бұл өте аз. Яғни, мұнара арқалықты толтыру үшін 1 жылда буланатын судың жарты пайызы ғана қажет», - деді ол атом энергетикасын дамыту мәселелеріне арналған бизнес-форум аясында.

Осы орайда сарапшы агенттік тілшісінің «0,5 пайыз еліміздегі су тапшылығын жеделдетуі мүмкін бе?» деген сауалына жауап берді.

«Меніңше, жоқ. Балқашта АЭС салу үлкен судың болуымен байланысты деу аңыз. АЭС-ке су қажет. Бірақ оның мөлшері кез келген өзге стансалармен бірдей. Әрбір су электр стансасының су қоймасы бар. Ал АЭС-ке мұндай су қоймасы артығымен жетеді. Тіпті, оның қажеті де шамалы. Себебі технология мүлдем басқа», - деді Сергей Агафонов.

Соңғы жаңалықтар