АЭС салуға мемлекет кепілдігімен қарыз тартылуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – АЭС салуға мемлекет кепілдігімен қарыз тартылуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысынан кейін айтты.

АЭС салуға мемлекет кепілдігімен қарыз тартылуы мүмкін
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

— АЭС құрылысы тікелей менің құзырымдағы мәселе емес. Бірақ сонда да оған қаржы стандартты жолдармен тартылатынын айта аламын. Оның ішінде қарыз тарту да бар. Әрине, оған Үкімет кепілдігі беріледі. Стандартты схемалар деп отырмын ғой. Әзірге ол мәселеден алыстамыз, — деді вице-премьер журналист сұрағына берген жауабында.

Бұған дейін Қазақстанда АЭС-терге арналған уранның стратегиялық қоры құрылатынын жазған едік

Айта кетелік Қазақстанның болашақ АЭС-теріне қажет мамандарды қай елдер дайындап жатқаны туралы жазған едік. Сондай-ақ Қазақстанда АЭС-терге арналған уранның стратегиялық қоры құрылады

Соңғы жаңалықтар