АЭС-тің Балқаш көліне қандай әсері болады - сарапшылар жауап берді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – АЭС құрылысына байланысты Алматыда өткен қоғамдық талқылау кезінде «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ бас директоры Тимур Жантикин баяндама жасады. Ол елімізде атом энергетикасын дамытудың жоспарларын таныстырды.

Жантикин
Фото: Александр Павский/Kazinform

- Қазақстанда атом станциясын салу мүмкіндігін зерттеу үшін арнайы «Қазақстандық атом электр станциялары» компаниясы құрылды, мен оның директорымын. Үкіметтің тапсырмасы бойынша АЭС салуға екі аудан қарастырылды. Оның бірі – бүгінгі Абай облысындағы Курчатов қаласының маңы, екіншісі – Алматы облысындағы Үлтен ауылы. Осы екі ауданда АЭЖХА-ның (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) ұсыныстары бойынша зерттеулер жүргізілді және екеуі де атом электр станциясын орналастыруға жарамды екені анықталды. Содан кейін 2019 жылы жапон консорциумы тәуелсіз сараптама жүргізді. Олар біздің барлық құжаттарымызды, әдістемелерімізді зерттеп, алғашқы атом станциясы үшін Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңы жарамды деген қорытынды жасады, – деді спикер.

Сондай-ақ Тимур Жантикин Қазақстанда атом электр станциясын салуға 13 ұсыныс түскенін, алайда оның тек төртеуі іріктеліп алынғанын атап өтті.

- 2019 жылы біз өзін ең қауіпсіз технология ретінде танытқан +3 буынының реакторларын қарастырып, ұсыныстарды қабылдадық. Әртүрлі жобалар бойынша 13 ұсыныс түсті, біз екеуін алып тастадық. Энергетика министрлігімен бірге критерийлер жүйесін әзірлеп, оған сәйкес жобаларды бағаладық. Осылайша, барлығының ішіне Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея және Франция ұсынаған 4 жоба іріктеліп алынды, – деді ол.

Тимур Жантикин «АЭС-тің Балқаш көліне қандай әсері болады» деген сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, атом электр станциясының кесірінен Балқаш көлі тартылып кетеді деу – ешқандай негізі жоқ алып қашпа сөз.

- Атом станциясы көп су қолданғандықтан, Балқаш көлінде экологиялық мәселе туындауы мүмкін деген алып қашпа сөз бар. Су негізінде жұмыс істейтін салқындату мұнараларын пайдалаған жағдайда жоба бойынша жылына 61 млн текше метр су қолданылады. Ал шын мәнінде 30-40 млн текше метрден аспайды. 61 млн текше метр су деген не, бұл көл бетіндегі табиғи су булануының 0,3%-ына тең. Яғни, мұндай станция көлге ешқандай әсер етпейді, – деді маман.

Тимур Жантикин сөз соңында атом электр станциясы салынған жағдайда құрылыс, машина жасау, энергетика, ғылым және білім беру салаларында 8000-ға жуық жоғары білікті жұмыс орындары құрылатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар