АЭС жөніндегі референдум қай мезгілде өтеді – министрлік жауабы

аэс
Фото: vwalakte / Freepik

АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановқа орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде АЭС жөніндегі референдум қай мезгілде өтетінін айтты.

«АЭС салу жөніндегі референдум 2024 жылы өтеді деген уәде берілген еді. Жылдың төртінші айына аяқ бассақ та, әлі басталатын түрі жоқ. Қай мезгілде референдум өтуі мүмкін және референдумда халыққа неше сұрақ қойылады?» - деп сұрады журналист.

Сұңғат Есімханов референдум тағайындау Энергетика министрлігінің құзырынан тыс мәселе екенін еске салды. 

«Референдумның қай күні өтетінін мемлекет пен үкімет басшылығы шешетін шығар. Қазір Энергетика министрлігі өзіне тиесілі жұмыстарды «Самұрық Қазына» компаниясындағы әріптестермен бірге атқарып жатыр. Бұл – негізінен түсіндіру жұмыстары. Өңірлерде де жұмыс жүргізіліп жатыр. Нақты датасын, референдум сауалдарының мазмұны қандай болатынын үкімет басшылығы анықтайтын шығар. Ештеңе айта алмаймын. Күзде бола ма, жазда бола ма, қыста бола ма, оны әзір айта алмаймын», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар