«Аффтар жжот» ресейлік ток-шоуы қостанайлық биші қыз бен оның анасын іздестіруде
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Пусть говорят» ресейлік бағдарламасының редакторлары Қостанай тұрғындары Жәмилә мен Әсем Құлмұхамбетоваларды «Аффтар жжот» бағдарламасына қатысу үшін іздестіруде, деп хабарлады «Наш Костанай» газеті.
Әсем Құлмұхамбетова анасы Жәмиләмен бірге өткен жазда бірге билеп, Instagram жұлдызына айналған болатын. Видеоны 230 мың адам көрген. YouТube арнасында ролик 22 мың рет қаралған. Сондай-ақ оны қазақстандық арналардың бірінен көрсетті.
Кеше «Пусть говорят» бағдарламасының арасында екі ролик көрсетілді, оның бірі осы Қостанай тұрғындарының видеосы. Телеарна редакциясы олардағы кейіпкерлердің бірін танығандар болса, журналистерге хабарласуды сұрады. Яғни, бейнежазба авторларын қызықты интернет-роликтер көрсетілетін «Аффтар жжот» бағдарламасына қатыстырмақ.
«Өзіміз көргеніміз жоқ, бірақ бізге хабарласып айтты. Қызық жағдай. Шынымды айтсам, анам екеуіміз бұл би жайлы сөз қозғаған да емеспіз. Егер шақырып жатса, бармайтын да шығармыз», - деді газетке берген сұхбатында Әсем Құлмұхамбетова.