Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Афинадан Астанаға дейін»: Ұлттық музейде халықаралық көрме ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық музейде «Афинадан Астанаға дейін. Владимир Потанин коллекциясындағы Олимпиадалық артефактілер» атты көрме ашылды. Экспозиция «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі қарсаңында ұйымдастырылды.

ы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Көрмеге Владимир Потаниннің коллекциясынан алынған 140 тарихи жәдігер қойылды. Тіпті 1896 жылғы алғашқы Олимпиада ойындарына қатысты экспонаттар бар. Әр кезеңге жататын марапат, медальдар, дипломдар мен олимпиадалық алауларды тамашалай алады. Барлық жәдігер түпнұсқа күйінде сақталған.

ы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Бұл көрме «Болашақ ойындары – 2026» турниріне қатысушыларға Олимпиада тарихымен жақын танысуға мүмкіндік береді. Экспозицияда қазақстандық спортшылардың кеңестік кезеңдегі және Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері де қамтылған. Мұндай көрмелер жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, олимпиадалық қозғалыстың тарихын насихаттауға ықпал етеді, - ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев.

Көрмеде Қазақстан мен Ресей спортшыларының олимпиадалық ойындардың дамуына қосқан үлесі де көрсетілді.

ы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

– Біз әр көрмені өткізілетін қаланың ерекшелігіне сай дайындауға тырысамыз. Бұл жолы Астананың спорттық жетістіктері ескерілді. Қазақстан спортшыларының, әсіресе бокс пен күрестегі мықтылығы белгілі. Сондықтан экспозицияда осы спорт түрлеріне арналған арнайы залдар ұйымдастырылды. Бұл көрме – достықтың, олимпиадалық бірліктің және үлкен олимпиадалық отбасының символы. Владимир Потаниннің олимпиадалық коллекциясының басты мәні де – осы, - деді Ресей білім академиясының академигі, Мәскеу мемлекеттік университетінің еңбек сіңірген профессоры, «Владимир Потаниннің Олимпиадалық коллекциясы» жобасының жетекшісі Лев Белоусов.

ы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Сондай-ақ қазақстандық даңқты спортшыларға арнайы бөлім экспозиция жасалған. Мұнда Владимир Смирнов, Бекзат Саттарханов, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Александр Винокуров, Денис Тен, Ольга Рыпакова, Геннадий Головкин және Елдос Сметовтің спорттық жетістіктері туралы фотосуреттер мен спорт жабдықтары қойылған.

ы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
р
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Экспозицияда күрес кілемі мен бокс рингі үлгісіндегі арнайы аймақтар да жасалған. Бұл келушілерге спорт атмосферасын сезінуге мүмкіндік берді.

ы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Мұндай көрмелер жастарды спортқа қызықтырып, Олимпиада чемпиондарының жетістігі арқылы жаңа буынға үлгі болады. Әрбір бала осы жерден «Мен де Олимпиада чемпионы болғым келеді» деген арманмен шықса, көрменің басты мақсаты орындалды деп есептеймін, - деді әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин.

Көрменің цифрлық бөлімі де назарға ұсынылды. Нейрожелілік технология арқылы цифрланған олимпиадалық дипломдар көрсетілді.

ы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме олимпиадалық құндылықтарды насихаттап, спорт тарихын жаңа форматта таныстыруға бағытталған. Жоба өткеннің жетістіктерін сақтап, болашақ спортшыларға үлгі болуды көздейді.

ы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Олимпиадалық қозғалыстың басты құндылықтары – адалдық, достық және үздіксіз даму. Бұл көрме сол құндылықтарды дәріптеп, қазақстандық чемпиондардың жетістіктерін кеңінен таныстырады. Мұндай жобалар жастардың спортқа қызығушылығын арттырады, - деді Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин.

Владимир Потаниннің Олимпиадалық коллекциясы бұған дейін Мәскеу, Сочи, Бейжің, Минск, Қазан және Санкт-Петербург қалаларында көрсетілген. Астанадағы көрме халықаралық жобаның жалғасы болды.

ы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Айта кетейік, көрме ҚР Ұлттық музейінде 2026 жылғы 29 шілдеден 30 қыркүйекке дейін өтеді.

Еске сала кетейік, «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турниріне киберспорттың әлемдік жұлдыздары Астанаға келіп жатыр.

в
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform