Афины 2017 жылғы самбодан әлем чемпионатын өткізуге өтінім бермек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекия елінің астанасы Афины қаласы 2017 жылы самбодан әлем чемпионатын өткізуге өтінім береді. Бұл туралы осы елдің самбо федерациясынан хабарлады, деп жазады ТАСС.
Айта кетейік, әлем чемпионаттарын өткізуге берілген өтінімдер бір айдан соң FIAS конгресінде қарастырылады. Ол Жапонияның Нарита қаласында сонда 21-24 қараша аралығында өтетін әлем чемпионаты қарсаңында болады.
"Грекия 2017 жылы самбодан әлем чемпионатын өткізуге құлшыныс білдіріп отыр. Біздің өтініміміз қабылданған жағдайда бұл доданы Афиныдағы Олимпиада стадионына өткіземіз. Бізге Грекияның Ұлттық Олимпиада комитеті мен елдің спорт министрлігі қолдау көрсетуге әзір", - дейді Грекияның самбо федерациясының президенті, Халықаралық самбо федерациясының (FIAS) атқарушы комитетінің мүшесі Илиадис Мераби. Айта кетейік, 2015 жылғы самбодан әлем чемпионаты Мароккода өтеді.