11:07, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Афиныда авиалайнер апатты жағдайда қонды
АФИНЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Афины әуежайына Boeing лайнері апатты жағдайда қонды. Манчестер-Каир бағытындағы рейсті орындаушы ұшақтың бортында 192 жолаушы болған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Грекияның ERT телекомпаниясының хабарлауынша, 5 жолаушы құлақтарының ауырғандығын айтқаннан кейін ауруханаға жеткізілген. Дерек көздің ақпараты бойынша, ұшақтың апатты жағдайда қонуына салон герметизациясының бұзылуы себеп болған.