Афиныда шетелдіктерге арналған клубқа граната лақтырылды

АФИНЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат – Афиныда бүгін түнде төтенше оқиға орын алды - шетелдіктерге арналған клубқа қол гранатасы лақтырылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Бұла кезде клубта адамдар көп болған. Құдай сақтап, граната терезе шынысына тиіп, кері қайтып, тротуарда жарылған. Оқиға салдарынан жақын маңдағы үйлер мен дәмханаларға кішігірім шығын келген. Куәгерлер сол жерден тақыр бас азаматтың қашып бара жатқанын көргендерін айтқан.
Соңғы жаңалықтар