Africa Eco Race автожарысының екінші кезеңінде қазақстандық экипаж алғашқы ондыққа кірді
АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - «Africa Eco Race-2014» екінші кезеңі аяқталды. Жол талғамайтын Т-1 жүйесі қорытындысы бойынша, құрамында Қанат Шағыров пен Александр Мороз бар қазақстандық Mobilex Racing Team экипажы мәрені сегізінші болып кесті, деп хабарлайды vesti.kz.
Доданың екінші айналымында экипаждар Марокконың 431 шақырым жолын артта қалдырды. Бұл алғашқы айналыммен салыстырғанда 350 шақырымға ұзақ. Бұл кезеңде Жан-Луи Шлессер мен Тьери Магнальди экипажы бірінші болып келді. Олар толық жолды 5 сағат, 10 минут 5 секундта бағындырды. Ал екінші жарысқа қатысушылар қазақстандық Юрий Сазонов пен Арслан Сахимов мәрені 12-ші болып кесті. Жалпы екі айналым қорытындысы бойынша, Қанат Шағыров пен Александр Мороз жұбы 8-ші орында, Юрий Сазонов пен Арслан Сахимов 11-ші сатыда келеді.
Естеріңізге сала кетсек, 31 қаңтар күні басталған «Africa Eco Race-2014» ралли-рейді 11 кезеңнен тұрады. Жарысқа қатысушы экипаждар жалпы ұзақтығы 2992 шақырымды құрайтын жол арқылы Африканың Марокко, Мавритания және Сенегал елдерін басып өтеді.