Африка белсенділерінің билікке таласуды қоятын уақыты жетті - Франция Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция Президенті Франсуа Олланд Африканың белсенді жетекшілеріне Буркина-Фасодағы жағдайдан сабақ алып, билікке таласа бермеу керектігін айтты, деп жазады ВВС.
None
None

Сенегалда өткен халықаралық саммитте Олланд Блэза Компаорені биліктен тайдырған елдегі толқулар конституцияны құрметтеу керектігін тағы бір дәлелдегенін айтты.

«Франция Компаореге қантөгістің алдын алу үшін ғана көмектесіп, оның елден шығып кетуіне жәрдем етті. Бұрынғы колонияларға Францияның көмектесетін уақыты біткен. Париж француз тілінде сөйлейтін елдерде демократия болғанын ғана қалайды», - деді Олланд.

Соңғы жаңалықтар