Африка елдері «Боко харамға» қарсы шешуші шабуылға әзірлік үстінде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Африка елдері Чад көлі аумағында "Боко харам" радикалды тобына шешуші шабуылдар жасауға дайындалуда.
None
None

Бұл туралы Нигер қорғаныс министрі  Хасуми Масуду мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Ниамеда Нигерия, Нигер, Чад, Камерун және Бенин әскер күштерінің басшыларымен кездесті.  

Әскери басшылар "Боко харамның" тылдық базалары орналасқан аудандарында Нигер, Чад және Нигерия әскери құрылымдары шілде айынан бастап жүргізген әскери әрекеттерін талқылады. 

"Бұл шаралар нәтижесінде содырлардың бақылауында болған бірнеше елді мекен босатылды, сонымен қатар содырлардың материалдық-техникалық каналдарын бұзуға мүмкіндік берді ", - деп хабарлады Масуду.

Нигерия, Нигер, Чад, Камерун және Бенин Чад көлі аймақтарында лаңкестік қатерді жою үшін Аралас көпұлтты күштердің контингентін құрды. Оларды құру шешімі 2015 жылы қаңтарда  Аддис-Абебте өткен Африкалық одақ саммиті кезінде қабылданды. 

Соңғы жаңалықтар