Африка елдері Орталық Африка Республикасының жаңа көшбасшысына талаптар қоюда

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Африка елдерінің жоғары лауазымды делегациясының өкілдері Орталық Африка Республикасына келді. Олар енді аталған мемлекеттің жаңа көшбасшысы Мишель Джотодиаға өздерінің талаптарын ұсынуда. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Африка елдері Орталық Африка Республикасының жаңа көшбасшысына талаптар қоюда

Естеріңізге сала кетейік, биылғы наурыздың соңына қарай ереуілшілер тобының көшбасшысы елдің астанасын басып алып, өзін президент деп жариялады. Сонымен қатар ол парламентті таратып, конституцияның күшін тоқтататынын мәлімдеді.

Сәрсенбіде Орталық Африканың он елі шұғыл саммитте декларация қабылдап, Джотодианы елдің президенті ретінде мойындамайтынын жариялады.

Саммитке қатысушылар Джотодианы өтпелі үкімет құруға және елде жалпы сайлау өткізуге шақырды.