Африка елдерінде құрғақшылықтан жұқпалы аурулар көбейген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Эфиопия, Кения және Сомалидегі құрғақшылықтан зардап шеккен және таза суға қол жеткізе алмай отырған адамдардың саны бес айда 9,5 миллионнан 16,2 миллионға дейін өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.
None
None

Африканың Сахель аймағындағы балалар да су тапшылығына тап болып отыр. Бұл туралы ЮНИСЕФ Дүниежүзілік су апталығында айтты.

«Тарих бізге көрсеткендей, судың тартылуы балалардағы тырысқақ немесе ішу өту сияқты өлімге әкелетін аурулардың өршуімен қатар жүрсе, бұл жағдайдың салдары балалар өлімінің күрт артуына немесе қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Су болмаған кезде немесе ол ластанған жағдайда, балалар үшін қауіп бірнеше есе артады», - деді ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Кэтрин Расселл.

Оның айтуынша, Африка мүйізі мен Сахель елдерінің миллиондаған жас тұрғыны «апатқа бір қадам» жақын тұр.

Құрғақшылық пен қақтығыстар Буркина-Фасо, Чад, Мали және Нигериядағы су проблемаларын күшейтеді. Онда 40 миллионға жуық бала су тапшылығы жағдайында өмір сүруде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Сахель ластанған су мен гигиеналық өнімдердің жетіспеушілігінен қайтыс болған кәмелетке толмағандар саны бойынша әлемде бірінші орында тұр.

Сомалидің құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтарында іш өту мен тырысқақ аурулары белең алуда. Жылдың алғашқы алты айында осы ауруларға шалдығудың 8 200 жағдайы тіркелген.


Фото:news.un.org


Соңғы жаңалықтар