Африка құрлығында да тау шаңғы шипажайы бар - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Африка құрлығында да тау шаңғы шипажайы бар, деп жазады massaget.kz.

Африка құрлығында да тау шаңғы шипажайы бар - ФОТО

Шынымен, ойлап қарасаңыз, Африка құрлығында тау шаңғы шипажайы бар деген құлаққа бір түрлі оғаш естіледі. Алайда, бұл шындық.

Ифран шипажайы Марокко елінде орналасқан. Ол теңіз деңгейінен 1600 метр биіктікте тұр. Қаланың климаты өте жайлы. Қыс мезгілінде тау қары қаңтардан наурыз айына дейін жатады. Қала үйінің басым бөлігі еуропалық үлгіде салынған. Жергілікті тұрғындар Ифран қаласын «Морокко Швейцариясы» деп те атайды екен.