Африка мен Азия жемқорларға қарсы бірге күресуге дайын
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Африка мен Шығыс Азияның бірқатар елдері Ботсвандағы саммитте піл сүйегі контрабандасына қарсы бірлескен күрес келісіміне қол қойды, деп хабарлады ВВС орыс тіліндегі қызметінен.
Қолға алынған шаралардың арасында контрабандашыларды ұстау және олардың олжаларын тәркілеу туралы сұрақтар қарастырылған. Сонымен бірге, құжатқа сәйкес контрабандаға қарсы күрес жөніндегі ұлттық агенттіктер үлкен өкілеттіктерге ие болулары керек.
Егер тұмсықты жануарлардың өлтірілуіне байланысты шұғыл шаралар қолға алынбаса, олардың Африкадағы түрі алдағы он жылда 20 пайызға азаюы мүмкін екендігі хабарланды.