Африкада 20 футболшы суға кетті
АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Замбияда «Верджин КА» конголез клубының футболистері мініп үйлеріне қайтып келе жатқан үш қайық суға батып кетті. 20 адам қаза болды, деп хабарлады РБК.
Ойыншылар мен жанкүйерлер Замбиядан үш қайықпен Луапула өзенінен өтіп келе жатқан болатын. Қастарынан өткен моторлы катерден болған үлкен толқын қайықтарды аударып жіберген, деп хабарлайды Sports Illustrated.
«Олардың қайығын қастарынан өткен катер көтерген үлкен толқын Луапула өзенінің ортасында аударып жіберді, - деп әңгімеледі Луапула провинциясының вице-губернаторы Аарон Мушанга. - Қайықтарда жүзден астам адам болған, олардың 80-ін жағалаулық күзет құтқарды. 20 адам мерт болды».
Қызыл Крестің жергілікті өкілдігінің баспасөз хатшысы әзірше барлық мәйіт түгел анықталып болған жоқ, деп хабарлады. Тіпті адамдардың денелері судан шығарылып болмаған.
ФИФА президенті Зепп Блаттер қаза болғандардың отбасыларына және Конгоның Футбол федерациясына көңіл айтты.