12:27, 27 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Африкада алып адамның табан ізі табылды
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ондаған миллион жыл бұрын өмір сүрген ежелгі алып адамдар жайлы теорияға дәлел табылды.

Африканың оңтүстігінде Свазилендеде жартастардың бірінен алып адамның ізі табылды. Пішіні адам аяғының ізіне ұқсайтын ұзындығы 120 см таңба ғалымдардың пікірінше, аса зор адамға тән болуы мүмкін, деп жазады Global Science.
Табылған ізге шамамен 200 млн. жыл болған. Мамандар із формасының жақсы сақталуына алыптың салқындап келе жатқан магманың үстінен басуы себеп болуы мүмкін деп отыр.