11:02, 30 Мамыр 2014 | GMT +5
Африкада балалар некесіне тыйым салынбақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Африкада балалардың некесін жою бойынша одақ ауқымды шараны қолға алды, деп жазады Би-Би-Си.
Балалар некесі осы елде кеңінен танылған. Аталған компанияның штаб-пәтері Эфиопияның астанасы Аддис-Абебеде орналасқан.
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы некелер - ғаламдық құбылыс, алайда Африка бұл ретте әлдеқайда сәтсіз аймақ болып саналады.
Сарапшылардың мәліметтері бойынша, Африкада 17 млн-нан астам қыздың әрбір үшіншісін кәмелеттік жасқа толмай тұрып тұрмыс құруға мәжбүрлейді.
Жергілікті қайырымдылық ұйымдары көптеген жылдар бойы балалар некесін жою үшін жұмыс істеуде. Бұл құбылыспен күресте бірінші рет көптеген елдер мен БҰҰ-ның мекемелері қосылды.