17:37, 11 Қаңтар 2015 | GMT +5
Африкада Эбола індетін жұқтырған жүкті әйелдерді емдейтін орталық ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сьерра-Леон астанасы Фритаун маңында Эбола індетін жұқтырған жүкті әйелдерді емдейтін жаңа орталық ашылды, деп хабарлады ВВС.
«Шекарасыз дәрігер» қайырымдылық ұйымы жүкті әйелдердің Эбола эпидемиясын жұқтырғаны аса қаупті екенін ескертеді, себебі олардың аман қалуы неғайбыл. Сондықтан, дәрігерлер оларды бірінші кезекте емдеу қажеттігін мәселе етіп көтерген.